Қазақстанда АИТВ жұқтырған әйелдердің 99%-ы өмірге дені сау ұрпақ әкелетін болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда АИТВ жұқтырған әйелдердің 99%-ы өмірге дені сау ұрпақ әкелетін болған

Қазақстанда АИТВ жұқтырған әйелдердің 99%-ы өмірге дені сау ұрпақ әкелетін болған

Қазір елімізде профилактикалық іс-шаралардың арқасында АИТВ-ы бар әйелдердің 99%-ы дені  сау ұрпақ өмірге әкелуде. 

  • 1 Маусым 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz

АИТВ жұқтырған аналардан оның балаға берілу қаупін төмендету  жүкті әйелдердегі инфекцияны уақытылы анықтау және антиретровирустық  препараттарды ерте тағайындаудың нәтижесінде қол жеткізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Соңғы алты жылда елде АИТВ-ға тестілеуден өткен жүкті әйелдердің саны 3 есеге артқан. Әрбір болашақ ана босануға дейін екі рет тестілеуден өтеді. Жыл сайын алғашқы тексеру кезінде шамамен 230 АИТВ жұқтырған жүкті әйел анықталады. Көптеген АИТВ жұқтырған әйел  профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне көздері жеткен соң баланы босануға шешім қабылдайды.

Қазіргі кезде мұндай әйелдерден екі немесе одан да көп баланың туылуы сирек жағдай емес. Жаңа туылған нәрестелер бір жарым жыл медициналық бақылауда болады, сүтті қоспалар тегін және антиретровирустық препараттар шәрбәт түрінде беріледі.

«АИТВ анадан балаға берілу жолы медциналық мамандардың «басқаруына» жатады. Проблеманы шешуге кешенді әдісті қолдана отырып медициналық мамандардың барлық деңгейінің қатысуымен сауатты профилактиканы жүргізу жағымды әсерлерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Орталық Азияның басқа да елдерінің арасында АИТВ анадан балаға берілуінің алдын алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген», — дейді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры  Б.Байсеркин.

Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында Алматы қаласында Б.Байсеркин ДДҰ делегациясымен кездесті. Оның барысында АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің элиминациясы бойынша ДДҰ сертификатын алудың барлық талаптары мен жағдайлары талқыланды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ТМД-да тек бір ғана ел – Беларусь  сондай сертификатқа ие болып отыр. Сертификатты ДДҰ бір жылға береді, әрі қарай оны алған ел жұмысының нәтижелерімен растау қажет.


Соңғы жаңалықтар