Қазақстанда алдағы күндері минус 10 градусқа дейін үсік болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алдағы күндері минус 10 градусқа дейін үсік болады

Қазақстанда алдағы күндері минус 10 градусқа дейін үсік болады

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болып, 5-7 қазанда үсік жүреді.

  • 4 Қазан 2021
  • 2015
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады", — деп атап өтті Қазгидромет.

Еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа – райы соңғы циклонның ықпалымен, жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Жауын-шашынмен бірге тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде республиканың батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз түседі.


Соңғы жаңалықтар