Қазақстанда алдағы уақытта McDonald's-тың шамамен 15 мейрамханасы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алдағы уақытта McDonald's-тың шамамен 15 мейрамханасы ашылады

Қазақстан қалаларында алдағы екі-үш жылда McDonald's-тың шамамен 15 мейрамханасы ашылады, деп хабарлады «Макдоналстың» франчайзи Қайрат Боранбаев.
Бұл туралы ол Мәскеуде бейсенбіде баспасөз мәслихатында айтты.
Бірінші мейрамхана Астанада биыл 8-наурыз күні ашылмақ, ол 200 орынға арналған. Кәсіпорында екі жүзден аса жұмыс орны болады.
"Астанадағы бірінші мейрамханаға құйылатын инвестиция көлемі 3,5 млн доллар. Өзін-өзі өтеу жағына келер болсақ, барлық жобалардың өзін-өзі өтеу мерзімдері бар, бәрі де өтеледі, ол жағы енді қанша салатынымызға байланысты болмақ», деді Қ.Боранбаев.
Екінші "Макдоналдсты» Алматыда биыл бірінші жартыжылдықта ашу көзделген, деді ол.
Бүкіл негізгі өнімдерді (салаттар, тоңазытылған тәтті тоқаштар,еттен жасалған жартылай фабрикаттар мен басқасын) қазақстандық мейрамханалар үшін HAVI Logistics Russia логистикалық компанияның ресейлік өндірушілері жеткізбек.

  • 25 Ақпан 2016
  • 323
Фото - Caravan.kz