Бұл туралы бүгін V Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде ҚР Индустия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.
«2015-2019 жылдарда геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдардың болжамдық ресурстары артады деп күтілуде»,- деді ол.
Белгілі болғандай, бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 120 млрд. теңгеге жуық қаржы қажет болмақ.
«Сонымен қатар 2015-2019 жылдар аралығында геологиялық барлауға ұлттық компаниялардың, ірі кен орнын пайдаланушылардың және мүдделі инвесторлардың қатысуымен 900 млрд. теңгеге жуық инвестиция жоспарланған»,-деді Б. Нұрабаев.