Қазақстанда әрбір бесінші спиртті сусын заңсыз өндіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әрбір бесінші спиртті сусын заңсыз өндіріледі

Қазақстанда әрбір бесінші спиртті сусын заңсыз өндіріледі

Заңсыз тауар

  • 27 Қараша 2017
  • 167
Фото - Caravan.kz

Жалпы Қазақстан халқы былтыр 74,1 млн литр көлемінде арақ пен оның ликер қосылған түрін тұтынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жылына ішімдік өндірушілерінен 11 және 50 миллиард көлеміндегі салық жиналмаған болуы мүмкін. Жыл соңында спиртті сусынды заңды өндіру балансының 20,3%-ға ауытқығаны белгілі болды. Яғни еліміздегі әрбір бесінші ішімдік заңсыз импортқа тиесілі немесе елімізде заңсыз өндіріліп жатыр.

«Сұр» судың нарықтағы жалпы құны 62,9 милиард теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, «сұр» сегменттің 44,6%-ы заңды зауыттарда заңсыз шығарылған. Осы акциз маркасы бар ішімдіктер үшін салық төленбей отыр.

«Сұр» нарықтың барын өзге де жанама белгілер дәлелдейді. Мысалы, ресми статистика бойынша, 2016 жылғы ішімдікті ең көп және ең аз ішетін қала арасындағы айырмашылық 21 есе. Яғни бұл Ақмола облысының тұрғындары Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына қарағанда, 21 есе көп ішімдік тұтынады деген сөз.


Мұнымен қатар, солтүстік аймақта жаппай маскүнемдікке әкеліп соқтыратын ауру түрлері байқалмайды. Ішімдікті ең көп тұтынатын Ақмола облысының тұрғындары ауруға шалдығу тізімінде 11 орында тұр. Бұл — еліміздегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Ал Алматы облысы бұл тізімде үшінші орында.

Соңғы жаңалықтар