Қазақстанда ауыз су мәселесі шешілмеген өңірлер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ауыз су мәселесі шешілмеген өңірлер белгілі болды

Қазақстанда ауыз су мәселесі шешілмеген өңірлер белгілі болды

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша әлі шешімін таппаған ауызсу мәселесіне көңіл бөлінеді.

  • 16 Қараша 2021
  • 78
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауыл халқын ауызсумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен екенін мәлімдеді. 

«Олар Қостанай (64,7 %), Шығыс Қазақстан (81,4 %), Солтүстік Қазақстан (82,1 %) және Жамбыл (82, 2%) облыстары. Ауызсумен қамту деңгейі 3 өңірде Атырау (98,5 %), Алматы (98,3 %), Қызылорда (97,6 %) облыстарында жоғары», ˗ дейді министр.

Республика бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.


Ал 1 922 ауылдың ауызсу мәселесі толық шешім таппақ жоқ.

Соңғы жаңалықтар