Сонымен қатар, мемлекетте тасымалдаушылар, автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдатып, автобустың қайта жабдықталуына тыйым салу жоспарлануда.
"Елді мекендерде автобустардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін, қала сыртындағы тасжолдарда 80 шақырымға дейін шектеу қарастырылуда. Бүгінде елді мекендерде жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымнан, қала сыртындағы тасжолдарда 90 шақырымнан аспауы тиіс", — дейді комитет төрағасы.