Жарияланды: 620

Қазақстанда автосалондар көліктерді жаңа бағамен сата бастады

Қазақстанда автосалондар көліктерді жаңа бағамен сата бастады

Қазақстандағы автосалондар сатуды қайта бастады. "Астана Моторс" қазақ мотор компаниясы көліктерді жаңа бағамен сата бастады.

"Автомобильдерді сата бастадық. Бағалардың бәрін қайта есептеп, орташа 250 мыңға көтердік", -деп хабарлады Hyundai Auto Almaty салонынан.
Subaru Motor Almaty салонында бағалар орташа алғанда 200-300 мың теңгеге өскен.
Осылайша, бағалар 10% дейін көтерілген.
"Сату қайта басталды.Бағалар қаз-қалпында. Бағаларымыз әрқашан еуромен саналатын, бағамды Казком банкінен аламыз" – деп хабарлады Бавария Алматы салонынан.
Toyota Center Almaty салоны қолда бар көліктерді $1 үшін 190 теңге бағамына сәйкес сатуда.
«Әкелінетін көліктердің қай бағада болары әлі белгісіз», - деп түсіндірді онда.
Mercur Auto әзірге бағаларды сол қалпында сақтап отыр.
"Сату басталды. Бағалар бүгінгі сағат 18.00-ге дейін сақталады, алайда ертең не болары белгісіз" – деп нақтылады Mercur Auto салонының сату бөлімінде.
SsangYong Allur Auto салонында сату тоқтатылды.
"Сату уақытша тоқтатылды, дистрибуциядан жауап күтудеміз", - деді салондағылар.
"Бипэк Авто" автосалонында да көлік сату уақытша тоқтатылған. "Бағалар сол күйінде қалады деген үміттеміз", - деп хабарлады салондағылар.
Бейсенбіде автосалондар теңгенің еркін құбылмалы бағам режиміне өтуіне байланысты жаңа баға қою мақсатында көлік сатуды доғарған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін