Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын бұзу оқиғалары жиі кездесуде - ҚР Конституциялық кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын бұзу оқиғалары жиі  кездесуде - ҚР Конституциялық кеңесі

Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын бұзу оқиғалары жиі кездесуде - ҚР Конституциялық кеңесі

Қазақстанда "азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарына қатысты Конституция қағидаларын бұзу оқиғалары жиі кездесуде". Бұл туралы ҚР Конституциялық кеңесінің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың сақталуы туралы" жыл сайынғы жолдауында айтылған. Жолдауды парламент палаталарының бірлескен отырысында кеңес төрағасы Юрий Хитрин таныстырды.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 1528
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісінің қолына түскен жолдау мәтінінде атап көрсетілгеніндей, «Конституциялық кеңеске келіп түскен мемлекеттік мекемелердің мәліметтері дәлелдегеніндей, азаматтардың еңбек құқығы қоғамымыздағы ұрымтал тұстардың бірі күйінде қалып отыр». Мәселен, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен жылы еңбек заңын бұзу көрінісі 115294 мәрте тіркелген. Прокуратура тарапынан шетелдік компаниялар мен шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың еңбек заңының талаптарын сақтау жағдайына жүргізген тексерулер қорытындысы көрсетіп бергеніндей, бұл кәсіпорындардағы еңбек ету жағдайы еңбек қорғау туралы заң талаптарына сәйкесе бермейтіні анықталды. Әсіресе түрлі төтенше жағдайлар мен апаттар шығу қаупімен тұрақты тап келетін кәсіпорындарда еңбек ету жағдайына қатысты талаптарды бұзу көріністері жиі кездесуде. «Соның салдарынан еңбек етуге қолайлы қауіпсіз жағдай жасау жөніндегі ҚР Ата заңының 24-бабы, 2-тармағында көрсетілген қызметкер құқығы бұзылып отыр».

Сондай-ақ, шетелдік компаниялар мен шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындарда еліміз азаматтарына еңбекақы төлеуде алалаушылық жасау деректері жиі кездеседі.
ҚР азаматтарының Конституциялық құқығын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отырған негізгі факторлардың бірі — көршілес республикалардан заңсыз жұмыс іздеп келушілер қатарының молаюы болмақ. Көші-қон саясатының іс жүзінде үйлестірілмеуі мен миграциялық алмастыққа қатысушы елдердің заңдық базасының жетілдірілмеуі заңсыз көші-қон құбылысымен күрес тиімділігін тежеп отыр . Дейтұрғанмен, ҚР Конституциялық кеңесінің атап көрсеткеніндей, «Халықты еңбекпен қамту жөніндегі» заңға 2004-жылы қаңтарда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көші-қон құбылыстарын реттеуге оңды ықпал етуі тиіс.