Қазақстанда байланыс сапасы үшін операторларға салынатын айыппұл 10 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда байланыс сапасы үшін операторларға салынатын айыппұл 10 есе өсті

Қазақстанда байланыс сапасы үшін операторларға салынатын айыппұл 10 есе өсті

 

  • 12 Шiлде 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz


Цифрлық даму министрлігі өкілдері Қазақстанда Интернет сапасының төмендігі үшін айыппұл мөлшері қалай өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ол байланыс саласындағы тұтынушылар құқығын қорғауды күшейтуге байланысты.

"Тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың пайдаланушыларға стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі. Енді заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл салады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі", — делінген хабарламада.