"Алғашқы жылы "Алаңдар балаларға" қоғамдық бірлестігі Шымкент, Астана, Алматы сияқты қалаларда заманға лайық балалардың 50 ойын алаңшасын салуды және қазіргі қолданыстағы жүзін қайта жөндеуді көздеп отыр", деді "Алаңдар балаларға" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зүльфия Байсакова сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтар балалардың дене шынықтырмай, нашар дамып, қозғалудың орнына компьютер мен телевизор алдында отыруды ұнататындығына жиі реніш білдіруде.
"Ойнайтын орын болмаса олар енді не істейді? Бұрын салынған алаңдардың жағдайы мәз емес. Кейде балалар үшін қауіп те туғызады", деді ол.
Сонымен қатар З.Байсакованың айтуынша, "Алаңдар балаларға" қоғамдық бірлестігі транспаренттілік негізінде алаңдарды жөндеуге өтініштерді арнайы құрылған интернет-сайтқа түскен өтініштерден іріктемек".
"Кез-келген адам өтініш бере алады. Бастысы, тұрғындар алаңды салуға үлес қосып, оны алда күтіп ұстаса болғаны", деді ол.
Оның айтуынша, алдын-ала есептеулерге қарағанда, демеушілерден бұл жоба үшін шамамен 20 млн теңге жиналыпты.