Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды.

  • 25 Тамыз 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі балаларды COVID-19 инфекциясынан емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын әзірледі. Ол осы аптада бекітілуі мүмкін. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева мәлімдеді.

Айтуынша, енді Қазақстанда коронавирустан емдеудің үш хаттамасы қолданыста болады. Біріншісі ересектерге арналған, екіншісі жүкті әйелдер үшін, ал үшіншісі балалар үшін.

"Балалар арасында COVID-19 емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленді. Ол жуырда, соңғы екі аптада әзірленді. Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды. Соңғы екі апта ішінде біз бөлек хаттама әзірлеумен айналыстық", — деді Боранбаева онлайн баспасөз мәслихатында.


Ол жаңа клиникалық хаттама осы аптада бекітілуі мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша, хаттамаға Кавасакиге ұқсас синдром енгізілген.