Қазақстанда балаларға арналған кітаптан іш киім туралы ертегі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балаларға арналған кітаптан іш киім туралы ертегі табылды

Қазақстанда балаларға арналған кітаптан іш киім туралы ертегі табылды

Алматылық Айгүл Әбубәкірова "Жолың болсын" атты балаларға арналған жинақтан ересектерге арналған мәтін көрген.Қазақстанда балаларға арналған кітаптан іш киім туралы ертегі табылды

  • 17 Маусым 2018
  • 610
Фото - Caravan.kz

Алматылық Айгүл Әбубәкірова "Жолың болсын" атты балаларға арналған жинақтан ересектерге арналған мәтін көрген, деп хабарлайды Today.kz "Бірінші Еуразия"арнасына сілтеме жасап.

Әйел бұл кітапты балаларына арнап сатып алған. "Труси мен көйлек" атты мәтінге көзі түскен ол бірден дабыл қаққан.

Бұны оқыған Айгүлдің балалары да түсінбей қалған. Олар жазылған мәтіннің мазмұнын түсіндіруді сұраған. Ал әйел болса, не дерін білмегенін айтады.

"Көйлек пен трусы бір-біріне қалай тиіседі? Балаларым менен осыны сұрай бастады: "Олар үйлене ме?" деп сұрады. "Міне, осы кітапта жазылып тұр" дейді. Бұл ертегінің қалай аяқталатынын сұрады. Өзім де оқып бастағанда таңғалдым", – дейді Айсұлу.

Журналистер 2011 жылы шыққан кітаптың мәтінін мақұлдаған редакторлардың бірі Сұлтан Қалиевке жүгінді.


"Осы жерде менің тегім жазылып тұрғанына ұяламын. Иә, редакторлар алқасында тұрғанымды мойындаймын. Демек бүкіл мәтінді бізге көрсетпейтін болып тұр ғой. Егер балалар ұқпаса, мұндайды жазудың не қажеті бар? Автор трусы мен көйлектің бір-біріне қалай жақындайтынын айтқысы келді ме? Бұдан не шықты? Кім жазса да, тапсырмасын дұрыс жасамаған", – деді Қалиев.

Соңғы жаңалықтар