Жарияланды: 80

Қазақстанда бензин арзандады

Қазақстанда бензин арзандады

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде көктемгі баға жылулығы аясында АИ-92 бензинінің бағасы 159 теңгеге дейін төмендеді.

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС алдағы көктемгі мерекелер қарсаңында «Көктемгі жылулық» акциясын бастағандығын хабарлады.

«12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде көктемгі кезеңде 4 теңгеге төмендеген және литріне 159 теңгені құрайды. АИ-92 бензині мұнай өнімінің ең танымал түрі болып табылады және компанияда аталған қадамды барлық қазақстандық автоәуесқойлар бағалайды деп үміттенеді», - делінген компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағар май құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бензин бағасы түсуі мүмкін деген болатын.

Оқи отырыңыз:

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев 

Баланың мәйіті қоштаспақ болған әкесінің қолын жібермей қойды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін