Қазақстанда бензин өндірісі 11,7% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бензин өндірісі 11,7% артты

Қазақстанда бензин өндірісі 11,7% артты

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,7 пайызға көп.

  • 16 Шiлде 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 


Есептік кезеңде Қазақстанда 121,8 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 9,4 пайызға артық. Сонымен бірге, 1247,4 мың тонна (+6,6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 2224,3 мың тонна (-0,9 пайыз) газойль, 1505,9 мың тонна мазут (-2,5 пайыз) шығарылған.

Бұдан бөлек, 1014 мың тонна (+4,5 пайыз) ферроқорытпа, 1461 мың тонна (+6 пайыз) тегіс прокат, 75,9 мың тонна (+3,2 пайыз) тазартылған қорғасын, 164,5 мың тонна (+1,2 пайыз) мырыш, 199,5 мың тонна (-5,7 пайыз) тазартылған мыс өндірілген.

 

Соңғы жаңалықтар