Шынайы алғанда есептік мерзімде жалақы 6% артқан, делінген ҚР Статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктің хабарламасында.
Салалық құрылым бойынша алғанда ең жоғарғы жалақы тау кен өнеркәсібінде – 249,4 мың теңге (2,1 есеге артық), кәсіби, ғылыми және техникалық салада– 234,1 мың теңге (1,9 есе) және қаржы мен сақтандыру саласында – 205,5 мың теңге (1,7 есе көп).
Ең төмен жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 72,1мың теңге, бұл ел бойынша алғандағы орташа көрсеткіштен 40,2% төмен.
Аймақтар бойынша алғанда ең жоғарғы жалақы Атырау облысында – 231,3 мың теңге (орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге артық). Солтүстік Қазақстанда облысында 80,9 мың теңге, бұл ел бойынша алғанда орташа деңгейден 32,8% төмен.
Ал Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, мамырда орташа айлық атаулы жалақы 120 479 теңгені құраған.
2014 жылғы мамырдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 120479 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы мамырға 113,4%, ал нақты жалақы индексі 106,0% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
«Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда — 249,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 234,1 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде — 205,5 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді — 72,1 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 40,2%-ға төмен», -делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді — 231,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,8%-ға төмен.