Жарияланды: 70

Қазақстанда бірқатар нысандардың қызметіне рұқсат етілді: Бас санитар дәрігердің қаулысы

Қазақстанда бірқатар нысандардың қызметіне рұқсат етілді: Бас санитар дәрігердің қаулысы

 

ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулыға сәйкес мыналарға тыйы салынды:

1) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларға;

2) букмекерлік кеңселердің қызметіне;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

4) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілді.

Бұған қоса, рұқсат етілді:

  1. колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға;
  2. маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға;
  3. көзбе-көз режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
  4. өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне;
  5. арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне ;
  6. бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға;
  7. білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне.

Жаңа қаулыны қамтамасыз ету облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдарына тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін