Қазақстанда бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспалар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспалар анықталды

Қазақстанда бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспалар анықталды

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды мониторингілеу қорытындысы бойынша бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспаларды (БАҚ) анықтады.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 712
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы kzpp.gov.kz сайтында хабарланды, деп жазады Islam.kz.

Тіркелмеген БАҚ-тар:

1) «Мадерия с Лицетином» бальзамы;

2) Алкостопин Форте;

3) «Мужская сила» майы;

4) «Дианормин Ультра» тұнбасы;

5) глаукома және катаракта кезінде тамызатын «ITONE/Айтон»;    

6) «Кардицепс» капсуласы;

7) «СаганДали»;

8) «АртроСила».


Жоғарыда аталған БАҚ-тар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында анықталды және «Арна тв» газетінде, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы №41 (475), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылы 14 қазандағы басылымында жарияланған. Комитет аталған БАҚ-тарды сатып алмауды сұрайды, өйткені, олар адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар