Қазақстанда биыл 60 мың жеңіл көлік шығарылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биыл 60 мың жеңіл көлік шығарылатын болады

Қазақстанда биыл 60 мың жеңіл көлік шығарылатын болады

Қазақстан биыл 60 мың жеңіл көлік шығаратын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әсет Исекешев мәлім етті.

  • 6 Ақпан 2014
  • 838
Фото - Caravan.kz


«Жаңа индустрияландыру саясаты өткен жылы да біздің негізгі мінетіміз болды. Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан еліміздің өңдеуші өнеркәсібі оң динамика көрсетті, жұмыс орындары сақталды», — деп атап өтті ол.
Еліміздің барлық салалары арасында машина жасау өнеркәсібінің қарқыны артып, көш бастап келе атап өткен министр: «112 пайыз жоспарланса, өсім шамамен 115 пайызға жетіп отыр. Өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асып жығылды. Жеңіл көлік өндірісі 2 есеге, автобустар өндірісі 4 еседен астам өсті», — деді.
Сондай-ақ Ә.Исекешевтің атап өтуінше, ағымдағы жылы да машина жасау саласына зор көңіл бөлінетін болады. Автомобиль өндірісінде 60 мыңдық межені бағындыру да міндет ретінде жүктеліп отыр.
«Өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылы Тойото компаниясы жобасы бойынша алғашқы жол талғамайтын көлік шығарылады», — деді ол.