«2007 жылы өндірілген электр қуатының көлемі 76,4 млрд кВт-с жетіп, оның 76,3 млрд кВт-с тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 6,5% құрады», — деп хабарлады С. Мыңбаев.
«Электр қуатының тұтынылған және шығарылған тепе-теңдігі өтіп бара жатқан күзгі-қысқы кезеңінде елде қуат резервтерінің жоқтығын білдіреді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 22,8 млрд кВт-с өндіріліп, оның 23 млрд тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 9% құрады», деді ол.
«Сөйтіп, жылдың басынан тұтыну көлемі өндіру көрсеткішінен асып түсті. Сондай-ақ, Жамбыл ГЭС бұдан бұрын тек күзгі-қысқы кезеңінде ғана қосылып отырды дегенді ұмыту керек, бұл станция жыл бойы жұмыс істейді», -деп атап өтті министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті