Оның сөзіне қарағанда, 180 млн. теңгеге дейінгі сомадағы жобаларды қаржыландыру жұмыстары жеделдетілді. Бұдан бұрын екінші деңгейлі банктерде мақұлданғаннан кейін, жобалар өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына түсуі керек болатын. Яғни, жоба кеңес құрамындағы әкімдіктің, ҰКП өкілдерінің елеуінен өтуі тиіс етеді. Осы шараларға қосымша уақыт жұмсалатын еді.
«Алғаш рет бірыңғай бағдарлама аясында («Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы) «Даму» қоры тарапынан кепілдендірілетін 180 млн. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік үйлестіру кеңесіне енгізілмейді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге қаржыға қол жеткізу үдерісін айтарлықтай жеделдетеді»,-деді Ибрагимова.
Сонымен қатар ол Бизнестің жол картасы ауылдық кәсіпкерлер үшін де қолжетімді болғанын атап өтті. Бұның алдында қор басымдық берілген салалардағы ғана жобаларға субсидия бөлетін еді, ал 1 сәуірден бастап бұл ереженің күші жойылды.
Айта кетейік, биылғы наурыздың аяғында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді.