Қазақстанда блогерлер салықты қалай төлейтіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда блогерлер салықты қалай төлейтіні белгілі болды

Қазақстанда блогерлер салықты қалай төлейтіні белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олар салықты қалай төлейтінін айтты.

  • 15 Қаңтар 2024
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін", — деді Жамаубаев.

Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, оларға салық төлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.