«Иә, бүгін құжат қабылдау басталды. Министрдің бұйрығына мамыр айында қол қойылып, ресми басылымдарда жарияланды», — деді баспасөз қызметкері агенттікке сәрсенбі күні.
Еске салсақ, ҚР БҒМ басшысы Бақытжан Жұмағұловтың бұйрығы ресми басылымдарда 17-ші мамырда жарияланған.
«Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін құжаттарын қабылдаудың және аталған конкурсты 2011-ші жылы өткізудің келесідей мерзімі бекітілсін: құжаттарды қабылдау – 2011-ші жылғы 1-ші маусымнан 15-ші шілдеге дейін, квотамен құжат қабылдау – 2011-ші жылғы1-ші маусымнан 29-шы шілдеге дейін», — делінген құжатта.
2011-ші жылғы 20-шы маусымнан бастап 2012-ші жылғы 31-ші қаңтарға дейін БҒМ үміткерлер арасында конкурс өткізеді.
2011-ші жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасымен бакалаврларды дайындау тоқтатылып, енді магистрлар мен PhD докторлары ғана дайындалады.
«Болашақ» мемлекеттік стипендиясын ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993-ші жылы тағайындады. Бағдарлама бойынша шетелде жоғарғы білім алуды мемлекет республикалық бюджет есебінен қаржыландырады. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге квота қарастырылған. Бағдарламаның негізгі шарттарының бірі – студент оқуын бітірген соң елге оралып, 5 жыл отанында жұмыс істеуі тиіс.
«Болашақ» бағдарламасын тағайындағалы бері 5 мыңдай адам аталған стипендияның иесі болды.