Қазақстанда болу ережесін бұзған 12 мың шетелдік жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда болу ережесін бұзған 12 мың шетелдік жауапқа тартылды

Қазақстанда болу ережесін бұзған 12 мың шетелдік жауапқа тартылды

«Заңсыз келуші-2017» операциясының бірінші кезеңі аяқталды.

  • 31 Мамыр 2017
  • 250
Фото - Caravan.kz

Тексеріс барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 12654 шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Елімізде заңсыз жүрген шетелдіктердің 275-і алыс шетелден, ал  қалған  12379-ы ТМД-дан келген.

«Соттардың шешімдерімен 1370 шетелдік, оның ішінде алыс шетелдің  15 және ТМД-ның — 1355 азаматы елімізден шығарылды. Жеке басын анықтау  үшін 1073 адам, оның ішінде алыс шетелден – 1, ТМД-дан – 1072 адам қабылдау-тарату орындарына орналастырылды»,-деп жазылған ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 439 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Іздестіруде жүрген 37 адам ұсталды. Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне 161 көші-қон заңнамасын құқық бұзушылық тіркелді.

Соңғы жаңалықтар