Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді

Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді

 

  • 22 Тамыз 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензин бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 — 89 теңге.

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин бағасы:

  • Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 187 теңге,
  • Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңге.

Дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 260 теңге;
  • жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 260 теңге.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 230 теңге;
  • жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 230 теңге.