Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. доллардан астам жаңа өнеркәсіп өндірісі құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. доллардан астам жаңа өнеркәсіп өндірісі құрылады

Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. доллардан астам жаңа өнеркәсіп өндірісі құрылады

Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. доллардан астам жаңа өнеркәсіп өндірісі құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

  • 12 Маусым 2014
  • 489
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, ҮИИД МБ-ның алғашқы 5 жылдығы барысында 10-нан астам басымдықты өнім түрлерінің шығарылымы жолға қойылды. Ал 2018 жылға дейін тағы 15 өнім түрі игерілмек.  LG Chem, Еврохим, Fosfa сынды шетелдік инвесторлармен ірі жобалар жүзеге асырылды. Жаңа ірі жобалар салаға шамамен 3 млрд. доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«2019 жылға қарай Қазақстанда экспорттық әлеуеті 3 млрд. АҚШ долларынан асатын өнеркәсіп өндірісінің жаңа салалары құрылып, ішкі нарықты тыңайтқыштармен, гербицидтермен толық қамтамасыз етуге қол жеткізіледі, химикаттар өндірісі дамиды», — деді Ә.Исекешев.