Қазақстанда «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша жалғыз терезе» интеграциялық ақпараттық жүйесі 2013 жылы іске қосылады
«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша жалғыз терезе» интеграциялық ақпараттық жүйесі 2013 жылы іске қосылады. |
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Толықтай алғанда 2013 жылы жоспарға сәйкес бұл ақпараттық жүйені толығымен іске қосуға болады деп ойлаймын», - деді ол.
Министрдің атап өтуіне қарағанда, ағымдағы жылы электрондық декларацияларға ілеспе құжаттарды ұсыну бойынша процедураларды қосу жоспарлануда. «Келесі жылы жасап бітірсек, 2013 жылы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен өзара қарым-қатынасты толығымен электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік бар», - деді Б.Жәмішев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда халықаралық саудаға қатысушы компаниялар кеден органдарына ұсыну үшін қажетті түрлі рұқсат қағаздарын, лицензиялар алуға көп уақытын жоғалтып отыр. Мәселен, экспорттық-импорттық операциялар бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардан 14 және 17 құжат алу қажет. Ал «е-терезе» ақпараттық жүйесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары үшін қажетті барлық мәліметтер жүйеленген бір ғана құжат толтырады. Осыдан кейін экспорттаушы немесе импорттаушы аталған құжатты «е-терезе» ақпараттық жүйесіне жібереді. «Е-терезе» арқылы бақылауға қажетті ақпарат электронды түрде белгілі бір ведомствоға бағытталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін