Қазақстанда электр энергиясын тұтыну жыл сайын 2,7% өсіп отырады
![]() |
Энергетика министрлiгi Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірледі. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, энергетикалық балансқа сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну 2035 жылға қарай 152,9 млрд КВт/сағ дейін өседі.
2021-2035 кезеңінде электр энергиясын тұтынудың орташа жылдық өсімі 2,7% артады.
Экономика мен тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2035 жылға қарай 17,5 ГВт жаңа генерация қажет болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін