Қазақстанда енді заңдастыру жүргізілмейді - ҚР Президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда енді заңдастыру жүргізілмейді - ҚР Президенті

Қазақстанда енді заңдастыру жүргізілмейді - ҚР Президенті

Қазақстанда мұнан кейін заңдастыру жүргізілмейді. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 5 Мамыр 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Табыстар мен шығыстардың жалпыға ортақ декларациясынан енгізгенге дейін біз мүліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріп отырмыз», — деп атап өтті отырыс барысында ҚР Президенті.

Осы ретте Елбасы еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға өзгертулер енгізу қажеттігін, бұл ретте мүлікті заңдастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы заңдастырылмаған мүлкі бар азаматтарды  бұл мүмкіншілікті пайдалануға шақырып, мемлекет тарабынан ешқандай қудалаушылық болмайтындығын баса айтты.