Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр - зерттеу

Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр - зерттеу

2017 жылдың басына қарай Қазақстанда 15 пен 35 жас аралығындағы еңбекке жарамды 5,55 млн жас адам болған.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 326
Фото - Caravan.kz

Олардың бестен бірінен астамы Алматы қаласы мен Алматы облысында (1,22 млн) тұрған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.

Еңбек қабілеті жоғары жастар Қазақстан тұрғындарының 31%-ын құрайды. Ал Алматыда олардың үлесі 36,1%-ға тең. Бұл — ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Басылым жалпы Қазақстанда еңбекке жарамды жастардың азайып бара жатқанын айтады. Оған себеп, 90-жылдардың соңында демографиялық ахуалдың нашарлауы. 2017 жылы өсім тек Астана мен Алматыда байқалған. Нәтижеде Алматыда жұмысқа қабілетті жастар шоғырланып жатыр – оның Қазақстан бойынша үлесі 11,4%-ға жетті (2009 жылы – 9,5%, 2010 жылы – 9,6% болатын). Жалпы Алматы және Алматы облысында тұратын еңбекке жарамды жастардың Қазақстан бойынша үлесі 22%-ға тең болып отыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі Алматы қаласында әкімдікпен бірлесіп қазан айында жас мамандарға арналған «Алматы жастары» бағдарламасын іске асыруды бастады. Оған сәйкес, 36 жасқа дейінгі алматылықтарға пәтер алуға жеңілдетілген несие беріледі. Бағдарлама шарттары:


— жасы 35-тен жоғары емес Алматы тұрғындары қатыса алады;

— несиенің ең жоғары көлемі – 10 млн теңге;

— несиені өтеу мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін;

— несиенің пайыздық ставкасы – 5%.

Соңғы жаңалықтар