Қазақстанда «ІТ-менеджерлер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «ІТ-менеджерлер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылады

Қазақстанда «ІТ-менеджерлер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылады

Қазақстанда «ІТ-менеджерлер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылады, деп мәлім етті ұйымның ұйымдастыру комитеті төрағаларының бірі, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқар Құсайынов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

  • 28 Шiлде 2011
  • 574
Фото - Caravan.kz

Ұйымның ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, қоғамдық бірлестікті құрудағы мақсат Қазақстандағы IT-басшылар мен IT-мамандардың біліктілік деңгейін арттыру болып отыр.

А. Құсайыновтың айтуынша, «қоғамдастықты құруға ІТ-басшылардың тәжірибе алмасып, білімдерімен бөлісу ниеттері себеп болды…Қоғамдастық ІТ-басшылар еркін пікір алмаса алатын алаңға айналады».

Ұйымдастыру комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдерде IT-менеджерлердің қоғамдастықтары ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарында ең соңғы ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізуде, IT-менеджерлердің біліктілігін халықаралық деңгейге дейін көтеруде қозғаушы күшке айналды.

«Қоғамдастық білімге де ықпал ететін болады. Біз қазіргі уақытта ел экономикасына қандай ІТ мамандар қажет екенін жақсы білеміз және білім саласындағы әріптестерімізге назар аударуды қажет ететін жағдайларға нұсқай аламыз деп ойлаймыз», — деді А. Құсайынов.

Бұдан басқа, IT-менеджерлер қоғамдастығының тағы бір мақсаты – заң шығару қызметіне қатысу. «Мемлекетке ІТ саласының соңғы жетістіктерін жүзеге асырып, пайдаланатын адамдардың пікірін білген де қызықты деп есептейміз», — деді А. Құсайынов.

Қоғамдық бірлестіктің бірінші қолға алатын шарасы – 15 қырқүйекте Астанада IT-менеджерлер қоғамдастығының құру съезін өткізу.

«Зерде» холдингі» АҰ төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиеваның айтуынша, құру съезінде жаңа қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар