Қазақстанда карантин кезінде той жасауға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда карантин кезінде той жасауға тыйым салынды

Қазақстанда карантин кезінде той жасауға тыйым салынды

Бүгін Мемлекеттік комиссия Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Онда карантин кезінде той жасауға тыйым салынатыны айтылады.

  • 2 Шiлде 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу", — делінген хабарламада.

Комиссия мәліметінше, тұрғындарға енді көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуге болмайды.

Еске салайық, мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 
5 шілдеден бастап 14 күнге карантин
 жариялау туралы ұсыныс түскенін айтқан болатын. 

Сондай-ақ, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар