Қазақстанда кәріздік-тазарту орталықтары 60% тозған – Әлихан Смайылов - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кәріздік-тазарту орталықтары 60% тозған – Әлихан Смайылов

Қазақстанда кәріздік-тазарту орталықтары 60% тозған – Әлихан Смайылов

Елдегі кәріздік-тазарту орталықтарының тозу деңгейі 60%-тен асып кеткен. Ал кейбір қалаларда тіпті 90%-тен асады.

  • 27 Желтоқсан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат- қа сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу мен оларды жаңғырту жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, сынға алды. Жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары кешігіп жатыр. Бүгінде еліміздегі кәріздік-тазарту орталықтарының тозу деңгейі 60%-тен асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90%-тен асады. Олардың қатарында Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық және басқа да қалаларды атауға болады», — деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ірі қалаларда кәріздік жүйелер өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынған және әбден ескірген.

«Сарқынды су көлемі де жыл сайын көбейіп келеді. Оларды тазарту қиындап барады. Резервуарлар шамадан тыс толып, лас суларды өзен-көлдерге ағызуға мәжбүр болған жағдайлар да бар. Сондықтан, бұл мәселенің маңызы өте зор. Халықтың қалыпты тұрмысына ғана емес, экологияға әсері де аса маңызды. Әрбір жобаны іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет», — деді Ә. Смайылов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма берді.


«Индустрия министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 айда әрбір жобаны іске асыру кестесін бекітсін және олардың орындалу барысы туралы Үкіметке тоқсан сайын хабарлап тұрсын. Жобаларды іске асыру мерзімдерін оңтайландыру жағын тағы да қарап шығу керек. Өңір әкімдері кәріздік-тазарту құрылыстарының жобаларын уақытылы іске асыру үшін қажетті техникалық құжаттамаларды жедел әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін. Өңірлер халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандыруы қажет. Кәріздік-тазарту қалдықтарын қайта өңдеу мәселесіне де назар аударғым келеді. Дамыған елдерде қалдықтардан электр энергиясын, биогазды және тыңайтқыштарды алу технологиялары көптен қолданылып келеді. Бізде де оң тәжірибе бар – Шымкентте қалдықтар электр энергиясын өндіру үшінқайта өңделеді. Осындай тәсілдерді кеңінен тарату керек. Экология министрлігіне Индустрия министрлігімен бірлесіп, 2 айда халықаралық тәжірибені зерделеуді және қалдықтарды одан әрі өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын», — деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар