Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
«Жаңа бала дәрігерлеріе қатысты мәселелер көтерілді. Біз бәріміз дәрігерлер қателігінің салдарын жақсы түсінеміз, әсіресе балалар дәрігеріне қатысты. Мен бұл ұсынысты толыққанды қолдаймын. Министр Дүйсенова (Тамара Дүйсенова — Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi) және министр Сағадиевке (Ерлан Сағадиев — Бiлiм және ғылым министрi) тапсырма беремiн. Медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерiнiң жұмысын қайта жандандыру қажет. Келесi жылдың бiрiншi қыркүйегiнен бастап студенттердi дайындауды бастау керек», — деді Б.Сағынтаев сейсенбідегі үкімет отырысында.