«Алдағы он жылға есептелген экономикалық белсенді тұрғындардың саны мен еңбек нарығының ахуалы халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделін жасауды талап етеді», — деді Б. Сапарбаев.
Оның айтуынша, жаңа үлгінің мақсаты — «өнімділігі жоғары жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейінің төмендігінің сабақтастығының негізінде» халықты өнімділігі жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады».
«Жаңа үлгінің басты құрамды бөліктері — индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытуды ескере отырып салалардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандарға деген сұранысының нақты болжамын жасауға саяды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті