Қазақстанда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту жұмыстары басталды

Қазақстанда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту жұмыстары басталды

1 маусымнан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін оқыту курстары басталды.

  • 3 Маусым 2018
  • 81
Фото - Caravan.kz

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі «Зерде Холдингі» АҚ-мен бірлесіп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік бағдарламаларын әзірледі.

Іс-шара барысында еліміздің әрбір өңірінде халыққа цифрлық сауаттылықтың негізгі қағидаларын үйрету бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқыту әдістемесі мен жоспары жасалды. Оның көмегімен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. 2018 жылдың маусымынан тамыз айына дейін «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Зерде» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шамамен жарты миллион адамды цифрлық сауаттылыққа үйрету көзделген.

Сондай-ақ, еліміздің барлық облыс орталықтарында цифрлық қызмет көрсету орталықтарын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында халыққа цифрлық қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасауда.


Соңғы жаңалықтар