Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жолдарды қалпына келтіру үшін асфальттегі шұқырларды бітеу (1,2 млн шаршы м), бағыттық тәсілмен жолдың өтетін бөлігін жөндеу (95 мың шаршы м), тегіс қабат салу (66 мың шаршы м), кедір-бұдыр жерлерді тегістеу (388 мың шаршы м) секілді бірнеше жұмыс түрі қаралған.
Мұнымен қоса, биыл жоспарға сәйкес ұзындығы 20,1 мың км құрайтын жол бөлігінде жол белгілерін салу, сегіз мыңнан астам жол белгілерін орнату және ауыстыру жұмыстары бар.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жолдардың ой-шұқырларын жөндеу жұмыстары басталған. Қалған облыстарда бұл жұмыс қар еріп, күн жылынғаннан кейін басталады.