Қазақстанда көмір сіз ойлағаннан да көп - ҚР Энергетика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көмір сіз ойлағаннан да көп - ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстанда көмір сіз ойлағаннан да көп - ҚР Энергетика министрлігі

Соңғы күндері жиілеп кеткен қауесеттер және әлеуметтік желілердегі ақпаратқа байланысты ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

  • 1 Ақпан 2018
  • 341
Фото - Caravan.kz

Министрліктің дерегіне сүйенсек, елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуде жағдай тұрақты. Қазақстанның бір де бір өңірінде қатты отынның тапшылығына қатысты дүрлікпе байқалмайды.  Ұзын сонар кезекте тұрған адамдар мен жүк көліктерінің қақтығыстары жөніндегі видеолар жалған, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірлерге көмірді жеткізуге тәулік сайын мониторинг жүргізеді, әрі бұл мәселе тұрақты бақыланып отыр.

2017 жылы елімізде 106,7 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8,2 млн тоннаға артық. 29,3 млн тонна көмір экспортталды, ал қалған көмір ішкі қажеттілікке жұмсалды.

Осы орайда Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарына 56,3 млн тонна, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 7,1 млн тоннаға артық көмір берілді.

Жедел деректерге сәйкес, 30 қаңтарға дейінгі мерзімде өндірілген көмір көлемі 8,6 млн тоннаны құрады.


Тұтынушыларға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 763,8 мың тонна көмір жіберілді.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде темір жол көлігімен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 457,2 мың тонна көмір жөнелтілді. Автокөлікпен 300 мың тонна көмір түсірілді.

2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша көмірдің қоры мен облыстарға жеткізілуі төмендегідей:

Ақмола облысы – 85,9 мың тонна; Астана қаласы – 17,2 мың тонна; Ақтөбе облысы – 2,1 мың тонна; Алматы облысы – 77,4 мың тонна; Алматы қаласы – 6,8 мың тонна; Шығыс Қазақстан облысы – 114,7 мың тонна; Жамбыл облысы – 8,9 мың тонна; Қарағанды облысы – 53,0 мың тонна; Қостанай облысы – 24,3 мың тонна; Павлодар облысы – 9,8 мың тонна.

Соңғы жаңалықтар