«Концессияларды мемлекеттік қолдау схемасының күрделенуі жағдайында және мемлекеттік қолдау көлемдерінің ұлғайтылуына орай мемлекеттік мүддені қорғау үшін экономикалық сараптама процедурасын институционалдық тұрғыда күшейту ұсынылып отыр», — деп атап өтті Б. Сұлтанов. Ол айтқанындай,осы мақсаттар үшін концессия мәселелері жөніндегі арнайы ұйым құру жоспарлануда .
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі атап өткеніндей, орталықтың негізгі жұмысына- концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізу және концессияға берілуі мүмкін ТЭН нысандарының экономикалық бағасын жасау міндеті жүктеледі. » Сөйтіп арнайы ұйымның құрылуы жоғары білікті мамандарды тарту есебінен жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жауапкершілігін күшейтеді. Сондай-ақ, бұл үкіметтің концессиялық жобалардың сараптамасын жүргізу үшін жұмсалатын шығындарын азайтады», — деп қорытындылады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті