Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі арта ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі арта ма?

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі арта ма?

7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 АЕК-ке дейін артады.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«2023 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген және Мемлекет басшысы қол қойған ҚР Әлеуметтік кодексі 9 заңды шоғырландырды және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың құқықтық негіздерін нығайтуға әрі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейтуге бағытталған.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кезең-кезеңімен халықаралық стандарттар деңгейіне келтіруге, халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің әлеуметтік тәуекелдердің салдары үшін ортақ жауапкершілігінің рөлін күшейтуге, азаматтардың проактивті формат арқылы мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының ашықтығы мен атаулылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Құжаттың новеллаларының бірі – «Наградталған ана» деген жаңа ұғымды енгізу болатын. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы»  ордендерімен марапатталған әйелдерге берілетін болады», – делінген министрлік хабарламасында.


Бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. ҚР Әлеуметтік кодексінде наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.

«Мәселен, «Алтын алқамен», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарды қамтитын болады» , – дейді ведомство өкілдері.

Жәрдемақы алушыларға 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оның мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылатынын атап өту қажет.