Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 77
- Алматы қаласы — 77
- Шымкент қаласы — 11
- Ақмола облысы — 75
- Ақтөбе облысы — 7
- Алматы облысы — 30
- Атырау облысы — 14
- Шығыс Қазақстан облысы — 164
- Жамбыл облысы — 14
- Батыс Қазақстан облысы — 37
- Қарағанды облысы — 19
- Қостанай облысы — 63
- Қызылорда облысы — 3
- Маңғыстау облысы — 3
- Павлодар облысы — 110
- Солтүстік Қазақстан облысы — 114
- Түркістан облысы — 2
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 128 400.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады. 16-22 қараша аралығында республикада коронавирус инфекциясынан 45 адам көз жұмды. Індеттен қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 93 жаста, ал ең жасы – 37-де.
Ең көп өлім-жітім Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді, бұл өңірлерде бір апта ішінде тиісінше 9 және 8 науқас көз жұмды.