Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан пайда болуы мүмкін екені айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан пайда болуы мүмкін екені айтылды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан пайда болуы мүмкін екені айтылды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бұрын пайда болмайды.

  • 3 Қаңтар 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында Pfizer компаниясымен соңғы келіссөздер жүргізілді. Біз бұл вакциналарды жеткізу мүмкіндігін талқыладық. Бізде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды, яғни біз жария ете алмайтын ақпараттар бар. Бұл ішкі регламенттерге қатысты. Бірақ, жалпы алғанда, бұл вакцина Қазақстанда екінші жарты жылдықтан бұрын пайда болмайды деген болжам айтылды.

Біз әріптестерімізге осы вакцинаны ҚР аумағында тіркеу және рәсімдеу үшін құжаттарды енгізуді ұсындық. Бұл вакцинаны біз Қазақстанда алуымыз үшін, жұмысты тездетуді сұрадық. Алайда әзірге бізге 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан ерте емес мерзімдер мәлімделді",
— деді Цой  ОКҚ брифингінде.

Соңғы жаңалықтар