Бұл вакцинаны Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығының мамандары дайындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Препаратты зерттеу және синтездеу Айкимбаев атындағы аса ауыр инфекциялар ұлттық ғылыми зерттеу орталығында өткізіліп жатыр. Жас микоробиолог Қайсат Табынов австралиялық коронавирусқа қарсы препаратты ектіріп, сынақтан өткіген ерікті ретінде танылған болатын. Перепаратты ғалым екі рет екітірген еді. Екінші екпені бірінші екпе жасалғаннан кейін 21 күннен кейін салдырған. Қазір Қайсар өзін жақсы сезінеді. Айтарлықтай кері әсер байқалмағанын айтады ол. Бірақ қан талдамалары оның COVID-19 қоздырғышына күшті иммунитет дамығандығын көрсетті.
"Егер иммунитет туралы айтатын болсақ, иммунитет кез келген вакцинадан кейін қалыптасуы шарт. Мысалы, тұмауға қарсы вакцинадан кейінгі сияқты 4,5 сағаттан кейін мен аздап ауырдым. Қол жағым көтертпей тұрғандай болды. Келесі күні дене температурасының 37,4-37,5 градусқа дейін жоғарылауы байқалды.Ертесі күні мен толығымен қалыпқа келдім. Егер екінші вакцинаның жанама әсері мүлдем жоқ. Мен байқаған жалғыз нәрсе — шамамен 6 сағаттан кейін аздап ауырсыну болды. Температуралық реакция болған жоқ", — дейді Қайсар.
Маусым айында, біздің елде COVID-19 ауруы асқынған кезде, Халықаралық вакцина орталығы австралиялық фармацевтикалық компаниямен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Нәтижесінде қазақстандық мамандар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны жедел әзірлеу, сынау және қолданысқа енгізу туралы консорциумға мүше болды. Австралиялық компания дәрінің шағын партиясын Қазақстанға жіберді.