Қазақстанда күзге дейін ұлттық төлем жүйесі пайда болады - Досаев
![]() |
2020 жылдың күзіне дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасы пайда болады. |
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін көбейту - Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тапсырмаларды орындау үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен біріге отырып 2020 жылдың 1 қазанына дейін ұлттық төлем жүйесінің бағдарламасын әзірлейді. Ол төлем жүйесі барлық мүдделі тарап үшін тиімді болады", - деді Досаев Үкімет отырысында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін