Қазақстанда малды жем-шөппен қамтамасыз ету жұмыстары бақылауда – ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда малды жем-шөппен қамтамасыз ету жұмыстары бақылауда – ҚР АШМ

Қазақстанда малды жем-шөппен қамтамасыз ету жұмыстары бақылауда – ҚР АШМ

Қазіргі кезде Маңғыстау мен Қызылорда облысының Арал ауданын көктемде жауын-шашынның болмауы салдарынан қуаңшылық жайлаған.

  • 3 Шiлде 2021
  • 250
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы тұрғындарының мал азығына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республиканың басқа аймақтарынан жем-шөп сатып алынуда. Соңғы екі аптада 13 мың түк және 92 орам шөп жеткізілді. Апта сайын Қостанай облысынан 5 вагон кебек жеткізіліп тұр.

Малды жазғы жайылымға шығару жағдайы бар Бейнеу және Қарақия аудандарына көшіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының жазғы жайылымдарына 2260 бас жылқы, 3000 бас қой, 200 түйе және 1010 бас ірі қара шығарылды.

Жергілікті шаруа қожалықтары Ақтөбе және Атырау облыстарының аумағында шөп орып жатыр. Сондай-ақ Ақтөбе облысы шаруа қожалықтарының аймаққа шөп жеткізу кестесі мақұлданған. Шөп «Каспий» ӘКК бөлген 204 млн теңге сомасындағы қаражаты есебінен сатып алынуда.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 637 тонна арпаны нарықтағы бағадан 17 пайыз төмен бағамен сатты. Қазіргі кезде 573 тонна арпа жеткізілген.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы халқы және агроқұрылымдары малының қысқы азығын сатып алуға Үкімет қорынан қосымша 1,9 млрд теңге бөлінуде.

Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақтанды, мал қырылып жатқан жоқ.


Арал ауданына Қызылорда облысының төрт ауданынан жоңышқа жеткізілуде. Бүгінде Арал ауданына 1 037 тонна шөп, 40 тонна жем жеткізілген. Азық-түлік корпорациясы арқылы 600 тонна арпа сатып алу туралы келісімдер жасалды.

Арал ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, мал азығы саудаланды, мұндағы бағалар нарықтағы бағадан 10-15 пайыз арзан болды. Сондай-ақ, облыс бойынша жем-шөп бағасын жергілікті бюджет есебінен 3,4 млрд теңге көлемінде субсидиялауға арнайы қаражат бөлінді.

Қызылорда облысының Арал ауданында да жағдай тұрақталған, малдың қырылу фактілері тіркеліп жатқан жоқ.

Жалпы алғанда, малды шем-шөппен қамтамасыз ету мәселесінің жедел шешілуі үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан арнайы Республикалық жедел штаб құрылған. Оның құрамында облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, Бәйтерек холдингі және Азық-түлік корпорациясын қаржыландырушы ұйымдардың басшылары бар. Облыс әкімдіктері малдың алдағы қыстағы азығын даярлау жоспарлары анықталып, олардың орындалуына апта сайынғы мониторинг жүргізе отырып, орындау бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар