Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде – 190,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде – 161,7 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 159,1 мың теңге (1,9 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде сақталуда – 44,2 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 47,4%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында – 165,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 55,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,1%-ға төмен.