Қазақстанда мәслихаттың босаған орындарына 59 депутат сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мәслихаттың босаған орындарына 59 депутат сайланды

Қазақстанда мәслихаттың босаған орындарына 59 депутат сайланды

Қазақстанның 59 сайлау округінде мәслихаттың босаған орындарына депутаттар сайлауы заң нормаларына орай өтті, деп хабарлады дүйсенбіде ОСК баспасөз қызметінен.

  • 31 Наурыз 2014
  • 1884
Фото - Caravan.kz

Нәтижесінде Астана мәслихатының 1 депутаты, облыстың 7 депутаты, қалалық мәслихаттың 12 депутаты және аудандық мәслихаттың 39 депутаты сайланды.

Мәслихатқа сайланғандардың құрамында 44 (74,6%) ер адамдар және 15 (25,4%) – әйелдер. Олардың орташа жасы – 45. 56 адамның (94,9%) жоғары білімі бар.

ОСК алдын-ала деректеріне қарағанда, сайлауға сайлаушылардың 74,4% қатысқан.

30- наурыз күні республиканың 14 аумағында 392 учаскеде өткен мәслихаттар сайлауына алдында 188 кандидат ұсынылған болатын: 61- саяси партиялар ұсынған , 2- қоғамдық бірлестіктер , 125 өздерін өздері ұсынған тұлғалар.


Республика бойынша сайлау бюллетендеріне 145 кандидат енгізілген.