Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру тоқтатылады

Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру тоқтатылады

 

  • 30 Қыркүйек 2019
  • 55
Фото - Caravan.kz

ІІМ азаматтарды тіркеу туралы анықтаманы электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекенжай анықтамасы – ең жиі сұралатын анықтамалардың бірі.

— Жыл сайын 10 миллионнан астам мекенжай анықтамалары сұралады. Жұмысқа орналасу, мектеп, балабақша, емхана, банктер және т.б. үшін халық ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға жүгіріп, кезекте тұруға мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өз дерек базаларын өзге мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жеңілдетті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру толықтай тоқтатылады, өйткені бұл дерек онсыз да барлық мемлекеттік органдардың деректер базасында бар, — дейді ІІМ өкілдері.

Қағазбастылықты жою үшін мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайды.

— Қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Азаматтардың өздері электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы мекен-жайы туралы ақпаратты тексере алады. Мекен-жай анықтамаларын беруді тоқтату қажетсіз құжаттарды және азаматтардың ақпарат алу үшін ХҚКО-ға жүгінуін азайтады, — деп қорытындылады ІІМ.


Сонымен қатар, ІІМ азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды.

— Жыл соңына дейін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ІІМ тағы сегіз қызметті электронды форматта көрсетуді жоспарлап отыр. Осылайша, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы автоматтандырылады, — деп қосты олар.