Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарты қайта қаралмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарты қайта қаралмақ

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарты қайта қаралмақ

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандарты қайта қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 5922
Фото - Caravan.kz

«Мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне, балалардың интеллектуалдық, шығармашылық дамуы үшін мықты бағдарлама, кітаптар, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады», — деді министр.

Ж. Түймебаев жақын уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың желісін 651-ге дейін арттыру жоспарланып отырғанынан құлағдар етті. «Бұл жаңа ғимараттар салу, бұрын өзге ведомстволарға беріліп, мақсатсыз пайдаланылған ғимараттарды қайтарып алу есебінен іске асырылады», — деп түсіндірді ол. Бұл 2011 жылға дейін балалардың 47,6 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтуға мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдар саны 420-ға дейін ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті