Жарияланды: 500

Қазақстанда мемлекеттен тегін баспананы қалай алуға болады

Қазақстанда мемлекеттен тегін баспананы қалай алуға болады

Біз мемлекеттен тегін баспананы қалай алуға болатынын, қандай құжаттар керек екенін және қандай талаптар қойылатынын анықтадық.

Мемлекеттің тегін баспанасына ие бола алады: 2017 жылдың соңына қарай мемлекеттен тегін баспана алу үшін 450 мың қазақстандық өз кезегін күткен екен. Әрбір азаматқа тегін берілетін жер телімі туралы қазақстандықтар жеткілікті деңгейде білсе де, тегін тұрғын үйге қалай қол жеткізге болатыны туралы ақпарат аз. Сондықтан Today.kz редакциясы мемлекеттен тегін баспананы қалай алуға болатынын, қандай құжаттар керек екенін және қандай талаптар қойылатынын анықтады. 

Мемлекеттің тегін баспанасына ие бола алады: 

- мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар;

- мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, полицейлер, ғарышкерлікке кандидаттар;

- жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар; 

Әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарға жатады: 

- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалары бар отбасылар; 

- мемлекет бекіткен емделмейтін аурумен ауыратын науқастар;

- зейнеткерлер;

- жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

- оралмандар; 

- экологиялық апаттан зардап шеккен адамдар (Семей сынақ полигоны, Чернобыль АЭС-ін жою, Арал теңізі аймағы)

- көпбалалы отбасылар;

- отбасы мүшесі әскери қызметте қайтыс болған жанұя; 

- толық емес отбасылар; 

Азамат баспанаға мұқтаж болып есептеледі, егер: 

- жеке баспанасы болмаса; 

- ол тұратын баспана санитарлық және техникалық талаптарға сай келмесе; 

- іргелес, оқшауланбаған үйде екі немесе одан да көп отбасы тұратын болса;

- отбасында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болса; 

- егер отбасында науқаспен бірге өмір сүру мүмкін болмаса, психикалық ауруы бар адам болса.

Мемлекеттен берілетін баспана қандай болуы керек: 

- 15 шаршы метрден кем емес бір адамға 18 шаршы метрден артық емес, бiрақ кемiнде бiр бөлмелiк пәтер немесе жатақханадан бір бөлмелі пәтер;

- егер отбасының бір мүшесінде созылмалы аурулар болса, онда оған жеке бөлме беріледі;

- егер отбасындағы әйел 22 аптадан артық жүкті болса, пәтердің аумағы көп болуы мүмкін;

- Егер мүгедектерге тұрғын үй берілсе, ол қала ішінде және қажетті қолайлылықты ескере отырып, ыңғайлы болуы керек.

Баспана кезегіне тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

- форма бойынша өтініш;

- үміткерлердің және бүкіл отбасының жеке куәлігінің көшірмелері;

- неке қию (жою) көшірмелері, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы;

- маман бөлімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 

- Әділет департаментінен анықтама;

- азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі немесе азаматтың тұрғылықты жерін растайтын мекен-жай бюросын я ауылдық округ әкімінен анықтаманың түпнұсқасы;

- әлеуметтік қорғау органынан әлеуметтік осал топқа жататынын растайтын анықтама;

- жалғыз баспанасын төтенше жағдайда деп таныған анықтама;

- мүгедек баласы бар отбасылардан басқа әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар соңғы 12 айдағы кірісін көрсететін анықтама;

Құжаттарды тапсыруға болады:

- әкімдікке;

Egov порталы арқылы электронды үкіметке;

Баспананы қашан аламын әлде маған баспананы бермеуі мүмкін бе?

Бұл туралы ешкім нақты жауап бермейді. 30 күнтізбелік күн ішінде баспана алуға кезекке тұрғаныңыз туралы немесе сізге баспана берілмейтіні туралы хабарлама келеді. 

Кезегіңізді өзіңіздің аймақ әкімшілігіңіздің сайтында онлайн режимде қадағалауға болады.

Баспана кезексіз мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін